
«Бокстан өткен бұл халықаралық турнирді біз аты аңызға айналған адамға арнап отырмыз. Сайыстың өз тарихы мен дәстүрі бар. Сағадат Нұрмағамбетов өзін Отанға қызмет етуге сарп еткен адам. ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшының жетекшілік етуімен ол заманауи Қарулы Күштердің іргетасын қалады. Ол сияқты адамдар мәңгі есте сақтауға лайықты және ұмытылмауы тиіс! Оның құрметіне өткізілген турнир бұл ұлы адам туралы естелікті жаңғырту үшін жасап жатқан титтей ғана дүние. Әрбір боксшы үшін осы турнирге қатысу, оның үстіне жеңіске жету – бұл үлкен мақтаныш пен абырой», - деп атап өтті АОСК-ның бастығы А.Қорғамбаев. Турнирдің қорытындысы бойынша бокстан Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Нұқанов Айдархан «үздік боксшы» атанды. Өздерінің салмақ дәрежелерінде Қайсар Асқар (49 кг) – Жамбыл облысы, Смали Береке (52 кг) – Алматы қаласы, Нұрғали Алмаз (56 кг) – Алматы қаласы, Ожанов Бекнұр (60 кг) – Шығыс Қазақстан облысы, Расулов Джахонгир (64 кг) – Өзбекстан Республикасы, Нұқанов Айдархан (69 кг) – Нұр-Сұлтан қаласы, Айдаров Сапарбай (75 кг) – СК – ҚР ҚМ АОСК, ӘкІмбай Еркебұлан (81 кг) – Алматы облысы, Еркін Мұхаммеджан (91кг) – АОСК-ның спортшысы және Ресей Федерациясынан келген Сидорин Александр (91 кг жоғары) турнир жеңімпаздары атанды. Сайыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар ағымдағы жылғы шілденің 8-і мен 14-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ҚР Президентінің Кубогына өтетін турнирге және 2019 жылғы қыркүйектің 6-ы мен 29-ы аралығында Екатеринбург қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысуға кандидаттар ретінде қарастырылатынын айта кету қажет. «Өнер көрсеткен деңгейімізге дән ризамын. Мұқият дайындалып, өзімді жеңіске қол жеткізуге қамшыладым. Қарсыластар мықты, жекпе-жек күрделі болды. Командамызды керемет өнер көрсетулерімен құттықтаймын! Бапкерлерге, командаға және әрине, бізге қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғыс білдіремін!», - деді турнирдің «үздік былғары қолғап шебері», 69 келі салмақ дәрежесіндегі сайыс жеңімпазы, спортшы Нұқанов Айдархан.