«Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы
«Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында «Бук» және «Тор» зениттік-зымыран кешендерінің есептоптары маңызды нысандар мен бөлімшелерді қорғау тапсырмаларын орындады. Жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде жалпыәскери топтардың, артиллериялық бөлімдер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
