«ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектеп» РМҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы
Көру саны:4
|
Процесс |
Жиі кездесетін жағдайлар |
Себебі/шарты |
Тәуекелді бағалау |
Барынша азайту шаралары |
Жауапты |
|
|
1 |
Сынақ/емтихан қабылдау |
Курсант емтиханнан өтпесе де, ақшаға куәлік беріледі. Кейін бұл курсант МамХҚО-ға барып, жүргізуші куәлігін алады, бұл жол жүрісінің және армияның қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бұл ҚР ҚК 369-бабы – қызметтік қасақылық + 361-бабы – лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану. |
Оқу жұмысы жөніндегі орынбасар мен аға оқытушы жүргізуші куәлігін алған курсанттардың санына қарай сыйлықақы алады. Сондықтан оларға барлығын, тіпті ішкі емтиханнан өтпеген курсанттарды да, бітірту тиімді. |
Жоғары |
Барлық емтихандарды 100% бейне + аудиожазу: Теория сыныбында - камера. Оқу автомобиліндегі емтиханда - дыбыс жазатын бейнетіркегіш (салон + жол). Барлық файлдар филиалда емес, Басқармада 1 жыл бойы сақталады. Емтихан қабылдаушы өзінің тыңдалатынын біледі. |
Филиал директоры |
|
2 |
Мемлекеттік сатып алулар: ЖЖМ, қосалқы бөлшектер, шиналар, әскери киім нысаны |
1. Бағаны көтеру, «өз» өнім берушісі, пара беру. 2. Сапасыз тауарды қабылдау. 3. Сатып алуларды 100 АЕК-ке дейін бөлшектеу |
Мүдделі адамдардың тех.сипаттізімге және қабылдауға қатысуы |
Жоғары |
1. Функцияларды бөлу: кім ТС жазады, кім қабылдайды - әртүрлі адамдар. 2. Мүдделер қақтығысы туралы декларация: Комиссия мүшелері үшін мүдделер қақтығысы туралы декларация. 3. Нарықтық бағаларға комплаенс мониторингі. 4. Заңгердің сатып алуларға міндетті қатысуы. |
МС бөлімінің басшысы, заңгер, комплаенс |
|
3 |
ЖЖМ және қосалқы бөлшектерді есептен шығару |
1. ЖЖМ-ді жүзеге асырылмаған жол жүрулерге есептен шығару, құйып алу
2. Қосалқы бөлшектерді әрі қарай сату есебімен жалған есептен шығару |
GPS болмауы, шығыс нормалардың жоқтығы |
Жоғары |
1. Барлық оқу автомобильдеріне GPS-трекерлер орнату. 2. ЖЖМ бойынша ай сайын салыстыру актісі: жол жүру парағы + GPS + норма бойынша шығыс. 3. Фотобелгілеумен комиссиялық есептен шығару. Ескерту: GPS. Жол жүру парағы тек GPS жүріп өткен қашықтық пен жұмыс сағаттарын көрсеткенде ғана жабылады. GPS-сіз бухгалтерия ЖЖМ-ді есептен шығармайды. |
Филиал директоры |
|
4 |
Қосалқы бөлшектерді, шиналарды және АКБ-ны жымқыру және кейіннен сату мақсатында, соның ішінде белгіленген тозу нормаларына жеткенге дейін жалған ақау актілерін ресімдеу жолымен жалған есептен шығару. |
Филиалдың гараж меңгерушісі/механигі/қойма меңгерушісі ТМҚ қабылдау, сақтау және есептен шығару функцияларын қатар атқаруды пайдаланып: а) шинаның, АКБ-ның, қосалқы бөлшектің нормативтік жүріс қашықтығына/пайдалану мерзіміне жеткенге дейін 100% тозғаны туралы жалған ақаулау актісін жасайды; б) үлестес тұлғалар (гараж меңгерушісінің бағыныстылары) құрамындағы филиал комиссиясы нақты тексерусіз, актіге формалды түрде қол қояды; в) актінің негізінде бухгалтерия ТМҚ-ны баланс есебінен шығарады; г) оқу техникасына есептен шығаруға дайындалған техникадан алынған, тозған қосалқы бөлшек орнатылады немесе техника қосалқы бөлшекті ауыстырмай пайдаланылады. |
ТМҚ-ға тапсырыс беру, алу, қабылдау, сақтау, беру және есептен шығару функцияларының бір адамның қолында шоғырлануы; GPS-пен расталған жүріп өту қашықтығы мен пайдалану мерзімі бойынша бекітілген тозу нормаларының болмауы; Бөлек есеп жүргізілетін жарамсыз материалдар қоймасының болмауы. ТМҚ ақауларын және таңбалануын міндетті фото/бейнетіркеудің болмауы; Түгендеудің таңбалауды салыстырмай, формалды түрде өткізілуі; жүріп өткен қашықтықты жұмыс сағаттарын техникалық объективті бақылау құралдарының (GPS-трекерлер) болмауы; Жеке-дара немесе тәуелсіз мүшелердің қатысуынсыз, өзіне бағынысты тұлғалардан құралған комиссия арқылы есептен шығару; Комиссия мүшелерінің толық материалдық жауапкершілігінің және ақаулау актісінің нақтылығына дербес жауапкершілігінің болмауы |
Жоғары |
Барлық ТМҚ-ны кіріске алу және есептен шығару кезінде міндетті фототүсірілімді енгізу. Жүріп өту қашықтығы мен пайдалану мерзіміне қарай шиналар мен АКБ-ның тозу нормаларын GPS бойынша бекіту. ӘТМ РМҚК-де ТМҚ-ны есептен шығару туралы ережені әзірлеу. «Ескі бөлшекті кәдеге жарату қоймасына қайтару – жаңа бөлшекті берудің міндетті шарты» қағидасын енгізу. Функцияларды бөлу: ақаулау/сақтау/есептен шығару – әртүрлі адамдар. Есептен шығару комплаенс-қызметтің қатысуымен комиссиялық тәртіпте. Комплаенс-қызметтң таңбаланған қосалқы бөлшектерге тоқсан сайын күтпеген түгендеу жүргізуі. |
МТҚ бөлімінің басшысы |
|
5 |
Сабаққа қатысуды және оқу-жаттығу жүргізулерін жалған тіркеу |
Журналдарда және жол жүру парақтарында 86 сағат көлік жүргізілгені көрсетіледі, ал іс жүзінде – 10-15 сағат. Қалған ЖЖМ құйып алынады. Бағалау ведомостары формалды толтырылады. |
1) техникалық объективті бақылау құралдары (GPS-трекерлер, бейнетірке-гіштер) жоқ; 2) бір материалдық жауапты адамның оқытуды, ЖЖМ есебін және бастапқы құжаттарды толтыру функцияларын қосып атқаруы; 3) ЖЖМ шығысының нормалары нақты пайдалану шарттарына сәйкес емес; 4) Өндірістік оқыту шеберлерінің еңбекақысы төмен. |
Жоғары |
1. Топтың бірінші және соңғы күндердегі фотосуреттерін, ӘТМ бойынша әрбір көлік жүргізудің GPS-трегі скриншоттарын – 1 жыл сақтау. 2. Инженерге – гараж меңгерушісіне (не ӘТМ аға оқытушысына) «Бұзушылықтарға жол бермей, үнемдегені үшін» сыйлықақы беру мәселесін қарастыру. Егер GPS бойынша барлық сағаттар толық орындалса және шығыстар норма шегінде болса – ресми түрде сыйлықақы беру. |
Оқу жұмысы жөніндегі орынбасар |
|
6 |
Мемлекеттік мүлікке билік ету: өтеулі немесе өтеусіз пайдалану |
1. Үй-жайларды (оқу сыныптарын, асхананы, автоайлақты және т.б.) туыстарына/таныста-рына өтеулі/өтеусіз негізде беру. |
Басқарма тарапынан бақылаудың болмауы |
Жоғары |
1. Кез келген жалға/қарызға беру - тек gosreestr.kz порталы арқылы, ҚР ҚМ және ММЖК жазбаша келісулері бойынша. 2. Әрбір шартта комплаенс-офицер мен заңгер визасы. |
Бас директор, комплаенс, заңгер |
|
7 |
Кадрлар |
Туысқандарын тікелей бағыныстылыққа қабылдау. |
Туыстыққа тексерудің болмауы |
Орташа |
Туыстарын тікелей бағыныстылыққа қабылдауға тыйым салу |
Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы |
|
8 |
Сыйлықтар, қызметтік емес қызмет көрсетулер |
Курсанттардан, ата-аналардан, өнім берушілерден сыйлық алу |
«Ризашылық білдіру» дәстүрі |
Орташа |
1. Құны 2 АЕК-тен қымбат сыйлықтарды қабылдауға тыйым туралы бұйрық. 2. Сыйлықтарға арналған жәшік/телефон балансына аудару. 3. Білім алушылардың әрбір тобына алғашқы сабақта түсіндіру. |
Барлық басшылар |
27 қазан 2026
27 қазан 2026