ҚР ҚМ «Әскер Медиа – 2023» баспасөз фестивалі

Фестиваль прессы «Әскер Медиа – 2023» МО РК

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Әскер Медиа – 2023» баспасөз фестивалі  туралы ЕРЕЖЕСІ

«Әскер Медиа – 2023» баспасөз фестивалі (бұдан әрі – Фестиваль, жыл көрсеткіші марапаттау рәсімі өткізілетін жылға сәйкес келеді) жыл сайын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ұйымдастырады.

Бұл әскери тақырыпты қамтуға маманданған бұқаралық ақпарат құралдарының барлық өкілдері үшін ынтымақтастық, диалог және тәжірибе алмасудың бірегей платформасы.

Фестиваль келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

- Қарулы Күштердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, қазақстандық әскердің қызметін БАҚ-та сапалы және объективті жариялау;

- әскери журналистиканы дамыту және телевизиялық, баспа және электрондық БАҚ-та бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыру;

-   әскери тақырыпты қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарының барлық өкілдері үшін ынтымақтастық, диалог және тәжірибе алмасу платформасын құру;

- Қазақстан армиясы туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, әскери қызмет пен әскери дәстүрлердің беделін жұртшылық арасында насихаттау және арттыру;

- Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне қоғамдық назар аудару.

 

Фестивальдің конкурстық комиссиясы (қазылар алқасы)

  1. Фестиваль қорытындысын шығару үшін Қорғаныс министрлігінде Конкурстық комиссия (қазылар алқасы) құрылады, оның құрамына әскери ведомство өкілдері, БАҚ, әскери журналистика саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер, белгілі медиа-тұлғалар кіреді.
  2. Қазылар алқасы әр номинация бойынша іріктеу критерийлерін әзірлейді, қатысушылардың жұмыстарын тексеруді жүзеге асырады және фестиваль лауреаттарын марапаттауға қатысады.

Фестивальге қатысу үшін өтінімдер 2023 жылғы 20 қыркүйектен 31 қазанға дейін электрондық нысанда AskerMedia2023@gmail.com поштаға қабылданады.

Анықтама және кеңес беру үшін: 72-14-23, 72-11-58, 72-16-31.

Жарияланған күні

15 қыркүйек 2023

Жаңарту күні

15 қыркүйек 2023

Жарияланымның авторы