Логотип

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ҚР ҚМ СК – АОСК тарихы

Қарулы Күштерде спорттың даму тарихы 1970 жылдан басталады, бұл кезде Алма-Ата қаласындағы Орта Азия әскери округі жанында спорт батальоны құрылады да, кейін 1974 жылы ол 42-спорт ротасы, ал 1978 жылы 12-Армия спорт клубы болып қайта құрылады.

1990 жылғы 5 қаңтардан КСРО ҚК Орталық штабы Директивасы қайта ұйымдастыру іс-шараларын өткізгеннен кейін 12-Армия спорт клубы Ленин ордені атындағы Армия орталық спорт клубының филиалы (Алма-Ата қ.) болып қайта құрылады.

Бұдан кейін Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 наурыз № 107 Қаулысы негізінде Ленин ордені атындағы Армия орталық спорт клубының филиалы (Алма-Ата қ.) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Армия орталық спорт клубы (Алма-Ата қ.) болып қайта құрылды. Осыдан бастап тәуелсіз Қазақстанның Армия орталық спорт клубының құрылған күні 1992 жылғы  11 ақпан деп есептеледі.

Армия орталық спорт клубы 1994 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті — Армия орталық спорт клубы болып қайта аталды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті — Армия орталық спорт клубы (бұдан әрі – СК-АОСК) – бұл Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы пен ҚР Қорғаныс министрінің қойған талаптары нәтижесінде сан қырлы қызметті іске асырып келе жатқан, халықаралық сыныптағы спортшыларды дайындау жүйесін жолға қойған ұйымдық-әдістемелік орталық.

Спорт комитеті өз жұмысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен, Ұлттық Олимпиада комитетімен, спорт түрлері бойынша ҚР федерацияларымен және басқа да спорттық қоғамдық бірлестіктермен тығыз байланыс орнатады, ТМД елдері мен алыс шетелдердің спорттық халықаралық ұйымдарымен жаңа іскери байланыстар орнату жөнінде тұрақты жұмыс жүргізеді. ТМД мемлекеттері Қорғаныс министрліктері Кеңесі жанындағы Спорт комитетінің, Дүниежүзілік армия спорты кеңесінің және басқа да ірі спорттық бірлестіктердің толық құқылы мүшесі болып табылады.

Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап бүгінгі күнге дейін СК-АОСК жоғары халықаралық сыныптағы спортшыларды даярлайтын армия ұйымы болып келеді. Бүгінде мұнда 20-дан астам спорттың түрінен балалар-жасөспірімдер мектептері, орталықтары желісі жұмыс істеп келеді.

200-ден астам армияшы спорттың әр түрінен ҚР құрама командаларының мүшелері болып табылады және Олимпиада ойындарына белсенді дайындық жүргізіп отырады.

Спорт пен әскери қызмет үнемі қатар жүреді және бөлінбейтін ұғым, себебі кез келген бөлімше жеткілікті дене дайындығынсыз жауынгерлік қабілетке ие бола алмайды. Спорт элитасын көп жағдайда армия спортшыларының танытып жүргені белгілі, олар түрлі деңгейлердегі сайыстарға шығып жүр. Спорттағы біздің танымал тұлғаларға келер болсақ, оларды санап шығу да оңай емес, бұл аз ғана бетті қамтымайды. Сонда да жеке жарыстарда – велотректе жарысуда біздің алғашқы әлем чемпионымыз Николай Макаровты, танымал шаңғышы, екі дүркін олимпиада чемпионы Владимир Смирновты атап өткеніміз орынды. Сондай-ақ баскетболшы, олимпиада чемпионы Валерий Тихоненконы, садақпен атудан бірнеше дүркін әлем чемпионы Зебенис Рустамовты, екі дүркін әлем чемпионы, Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сапиевті, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері палуан Дәулет Тұрлыхановты, жеңіл атлетикадан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакованы бүкіл әлем біледі.

Жаттықтырушылар құрамы – бұл Спорт комитетінің ең басты жетістігі. Олар армия клубының ең үздік дәстүрлерін сақтап келеді және жылдан-жылға арттырып отырады. Жаттықтырушы Нечаев Александр Иванович, жеңіл атлетика жаттықтырушысы Юрий Коган, Панфилов ауылы ОЖО бастығы Константин Иванович Муратиди, дзю-до жаттықтырушысы Хикматулла Холиков, бокс жаттықтырушысы Талғат Бердыбеков сияқты жаттықтырушыларымызды мақтанышпен атай аламыз, ҚР ҚМ Спорт комитеті - АОСК — жастарды тәрбиелеу мектебі, спорттағы және қоғамдық өмірдегі көшбасшыларды.

Армия спортшылары олимпиада өсиеттеріне үнемі лайық болатын, әлемдік спорт авангардына қадам басатын. Олар керемет ойындар көрсетіп, танымал рекордтар жасай отырып, өз жанкүйерлерін талай рет таңқалдырды, ал миллиондаған азаматтар мұндай минуттарда Қазақстан Республикасы үшін мақтаныш сезімін шынайы бастан кешірді.

ҚР ҚМ Спорт комитеті – АОСК-дағы қызмет құрметке ие және барлық әскери қызметшілерге, жаттықтырушылар құрамына айрықша міндет жүктейді, себебі ең үздік армия спортшылары Қазақстан Республикасын шетелдерде таныта алады, жеңімпаздар құрметіне ту көтеріліп, әнұран ойналады, спорттық формада олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін алып жүру құқығына ие болды. Халықаралық ареналарда бақ сынап, мемлекетті таныту – өте жауапты және құрметті іс.

Документы
Бұйрық
16 июня 2025
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 651 бұйрығы
Бұйрық
19 января 2024
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Бұйрық
18 октября 2021
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
"«Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 628 бұйрығы
Новости
Полезные материалы
Всеказахстанская Ассоциация рукопашного боя
Армия қоян-қолтық ұрысы
ҚР ҚМ СК – АОСК тарихы
Медиагалерея
10
Қазақ күресінен әлем чемпионаты: Астана 25 елдің жауынгер-әскери қызметшілерін қарсы алады
10
Қарулы күштердің XIII Спартакиадасы аясында өткен шаңғы жарысының үздік сәттерінен көрініс
События
16 января
«Бейбитшілік жауынгері» сайысына команда мүшелерін іріктеу үшін бригадалық сайыс
07 августа
Әуе-десанттық әскерлер күні мен әуе-десанттық әскерлердің ардагері Рахимов қуанышқа арналған шағын футболдан ашық турнир
14 августа
Қазақ күресінен әлем чемпионаты: Астана 25 елдің жауынгер-әскери қызметшілерін қарсы алады
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы