Логотип

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
mork@mod.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлы
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы
Общая информация, образование

1977 жылғы 15 қарашада Семей облысының Көкпекті ауылында (аудан орталығы) дүниеге келген.

2004 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2009 жылы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университетін «моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» мамандығын бітірген.

2025 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті Бас штаб академиясы факультетінің «әскери істегі стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша білім алған.

Марапаттары: I және II дәрежелі  «Айбын» ордендері, «Ел қорғаны» медалі, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, сондай-ақ басқа да ведомстволық және мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Карьера

1995–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Республикалық ұланында қызмет атқарып, қатардағы атқыштан Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының аға офицеріне дейінгі жолдан өтті.

2014–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық және күзет бөлімшелерінде түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2022 жылы ҚР Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Арнайы мақсаттағы күштер қолбасшысы болып тағайындалды.

2026 жылғы 5 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды.

Әскери атағы: генерал-майор.

Социальные медиа

Instagram
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы