«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМК

Қызмет

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі "республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы № 718 қаулысына сәйкес құрылды және 15 филиалды біріктіреді.

1997 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 14 шілдедегі № 2145 тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және "Отан" қоғамдық бірлестігі арасында 19 объектіні-ӘАФКД бұрынғы оқу ұйымдарын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне беру жөнінде үшжақты келісімге қол жеткізілді.

Әскери-техникалық мектептің негізгі міндеттері: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін әскери-техникалық мамандарды даярлау. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"ҚР Заңына сәйкес азаматтарды әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша даярлау (2013 ж.). Ел Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының нұсқауына сәйкес 2014 жылдан бастап жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру орталығы ретінде қызмет етеді.

«ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМҚҚ-ның басшылық құрамы
«ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМҚҚ басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі
«ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМҚҚ филиалдары
«ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМҚҚ-да оқытылатын мамандықтар