«Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ

Қызмет

Қазіргі «Қазақстан ГАЖ орталығы» акционерлік қоғамының ізашары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін геоақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны («ҚР ҚК ГҚО» РМК) болды.

«ҚР ҚК ГҚО» РМК-ы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.12.2000 жылғы № 1916 шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін геоақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 05.01.2001 жылғы №4 бұйрығымен құрылды.

«ҚР ҚК ГҚО» РМК-ы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін сандық картография негізінде топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар геоақпараттық қамтамасыз ету үшін құрылған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн геоақпараттық қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» 30.09.2004 жылғы №1003 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 18.05.2005 жылғы №179 бұйрығымен «ҚР ҚК ГҚО» РМК-ы жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақстан ГАЖ орталығы» акционерлiк қоғамы (Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде Қоғам өз қызметін төмендегідей бағыттарда жүргізеді: Түрлі салаларда геоақпараттық жүйелерді жасау; картографиялық-геодезиялық өндіріспен қатар, сандық карталар мен ГАЖ-өнімдерін жасау; полиграфия және баспа қызметі; деректерді беру және телекоммуникациялық желілер жүйелерін жасау және пайдалану; «Золотые пески» (Қапшағай қ.) демалыз базасында сервистік қызметтер көрсету. Қоғам пайда болған кезінен бастап дамуындай айтарлықтай нәтижелерге жетті: геоақпараттық жүйелерді жасауға, картографиялық-геодезиялық өндірістерге, ГАЖ-өнімдерге, деректерді беру және телекоммуникациялық желілер жүйелеріне, полинрафиялық және баспа өнімдеріне қажетті жабдықтар орнатылып, техникалық құралдар мен технологиялық базалар заманға сай жаңартылды. Қоғамның маркетингтік саясаты, сапа менеджментінің жүйесі, стратегиялық жоспарлауы мен менеджменті заманауи іскерлік қызметтің барлық қажетті талаптарына сай. Қоғамда бай жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан мен шетелде үлкен жетістіктерге ие және танымал, жоғары білікті кәсіпқойлар жұмыс істейді.

Бүгінгі күні «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ-ы өзінің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімімен тек Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін ғана емес, сонымен бірге басқа да ұйымдарды қамтамасыз етеді. Сауатты құрылған топ-менеджментінің арқасында Қоғам соңғы жылдары өз кірісін тұрақты түрде өсіріп келеді, оның бір бөлігін өз өндірісін технико-технологиялық жаңарту мен қызметкерлерінің әл-ауқатын көтеру үшін шығындайды, осылайша өмірдің жоғары әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ-ның басшылық құрамы
«Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі