«Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ

Қызмет

Әлемде болып жатқан геосаяси өзгерістерді ескере отырып, сондай-ақ елдің әскери ұйымын одан әрі дамыту мақсатында Орталық алдына мемлекеттің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі саласындағы ғылыми үдерісті қамтамасыз ету, әскери ғылым ролін күшейту, әскери-саяси ахуалдың дамуына және әскери қауіпсіздіктің болашақ қатерлеріна болжам жасау бойынша міндеттерді қояды. Орталық Қазақстан Республикасында және Орталық Азия аймағында әскери ғылыми зерттеулер жүргізудегі көшбасшының ролін атқаруға бағдар алған

Ұйымның миссиясы: Қорғаныс саласындағы ҚР ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту.

Мақсаты: Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның және мүдделі мемлекеттік ұйымдардың басқарушылық шешімдер қабылдауы үшін ғылыми-технологиялық өнімдерді шығару.

Қызметтің стратегиялық бағыттары:

1) Зерттеулер мен әзірлемелер: қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп күзеті және жұмылдыру даярлығы саласындағы, Қарулы Күштерді дамытуға, оның техникалық жарақтылығын жақсартуға, өнімдерді, соның ішінде қосарлы мақсаттағы және т.б. өнімдерді жасау және жаңғырту бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бағытталған зерттеулер;

2) Стандарттау және сертификаттау:  Қазақстан Республикасының ұлттық әскери стандарттарын және техникалық регламенттерін әзірлеу (қайта өңдеу), әскери және қосарлы мақсаттағы өнімдер мен қызмет көрсетулерге зертханалық зерттеулер мен сертификаттау жүргізу және т.б.;

3) Жобаларды сараптау: қару-жарақ, әскери арнайы техника және әскери-техникалық мүлік үлгілерін, қорғаныс және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді ғылыми-техникалық сараптамадан өткізу;

4) Әскери ғылымды танымал ету: ғылыми ағарту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу, ғылыми еңбектерді, оқу құралдарын, мерзімді басылымдық және сериялы өнімдерді, әдістемелік және анықтамалық-ақпараттық әдебиетті басып шығару, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласындағы әдебиетті мемлекеттік және басқа да тілдерге аудару, өзара тиімді және халықаралық байланыстарды кеңейту, тәжірибе алмасу;

 5) Консалтингтік қызмет көрсетулер: проблемаларды талдау бойынша жоғары білікті көмек көрсету, ұсынымдар беру, енгізу бойынша қызметтерді көрсету және т.б.;

6) Инвестициялық қызмет: инвестициялық жобаларды, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, инвестициялар тарту, бірлескен кәсіпорындар құру және т.б.