Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті РММ Жер мониторингі, талдау және есепке алу бөлімінің басшысы-мемлекеттік инспекторы С-О-4 санаты, (индекс: 8.2-1)

Мемлекеттік орган

Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Геодезия және картография
  • Аграрлық техника және технология
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр

Қосымша талаптар

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қызметтер (кадастр және/немесе жерге орналастыру); бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе құқық және/немесе экономика); ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия және/немесе аграрлық техникасы мен технологиясы); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (геодезия және картография).

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмыстарын ұйымдастыру. Жер заңнамаларын сақтауға бақылау жасауды ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын қарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ҚР жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығына, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығына, Мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығына; Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ҚР жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына; Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуіне; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының сақталуына; Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік органдарға жердің бар-жоғы, жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуына; Жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына; Бүлінген жерлердің рекультивациялануына; Жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына тексеру жұмыстарын ұйымдастырады.

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына қатысты жерге түгендеу жүргізуге, зерттеп қарауға, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты жерге орналастыру схемалары мен жобаларға бақылау жасап, ауыл шаруашылығы жерлерінің жай–күйіне мониторинг жүргізеді. Пайдаланылмаған немесе бұзыла отырып пайдаланылған жерлер үшін және есептеу сомасын көрсете отырып, он есе салық салу бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен жұмыстарды ұйымдастыру және салыстыру; Барлық пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне жоғары салық мөлшерлемелерін қолдануды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-қимыл алгоритмін дайындау; Бөлім жұмысында заңнаманың сақталуын және оның құқықтық құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді, сот инстанцияларына талап арыз дайындайды; Соттарда, апелляциялық және кассациялық сатыларда, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда департаменттің мүдделерін қорғау, азаматтық істерге қатысу. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануға мониторинг жүргізуді ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді жүзеге асырады. Word,   Excel,   E-mail,   Internet,   «Электрондық Үкімет»    бағдарламаларымен    компьютерде    жұмыс    істей    білу, іс қағаздарын жүргізудің негіздерін, мемлекеттік тілді білу.

           «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.11.2022 – 29.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Область Жетісу, город Талдыкорган, улица Кабанбай батыра №26

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7282) 32-93-45