Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы Астрахан аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 07.02.2024 жылға дейін, негізгі қызметкер белгіленген мерзімнен бұрын шығуға құқылы), С-R-4 санаты, 1 бірлік, № 18-2-04-4.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi
Ақмола облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Агрономия
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Блок А-4.
Аудан немесе қала аумағында мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы іс-шараларды орындау туралы берілген бұзушылықтардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнаманасына сәйкес өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсету мониторингісін жүзеге асырады.. Әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік жазаға тарту ісін қарайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды. Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен түрлерден қорғау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Көкшетау қ., Ақан-сері көшесі, 111 А
-
+77172 555-885