Қаржы- құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, санаты «С-О-4», 1 бірлік. «В» блок ,«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмыстарына жалпы басшылық жүргізу. Келесі бағыттар бойынша бөлім қызметін үйлестіру: бюджет саласында бухгалтерлік есепті жүргізу және бухгалтерлік есептілікті жасау, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын бақылау, ұйым меншігінің сақталуы, заңнамаға сәйкес мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы және өзге де сақтандыру жарналарын, банк мекемелеріне төлемдерді есептеу және аудару, департамент қызметкерлеріне төлемдердің барлық түрлерін есептеу, есептік ақпараттың объективтілігі үшін жауапты болады.Департаменттің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруды, құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріне аудармасын, қызмет бабында пайдалану үшін белгісі бар құжаттардың есебін жүргізуді бақылау. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментімен жұмыс жасау.Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды уақтылы енгізеді және оны мемлекеттік сатып алу порталына орналастырады. Қаржы жылына арналған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді.Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептер жасайды. Қолданыстағы заңнаманың сақталуын және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жай-күйін талдауды қамтамасыз етеді.Жеткізушілермен шарттар жасасу, негізгі құралдарды есепке алу. Департаменттің қаржылық құжаттарын, анықтамалар мен бұйрықтарды жасау. Апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық есептерді уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде аталған мекеме басшысының өзге де тапсырмаларын  орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.11.2022 – 23.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.11.2022

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Интернациональная көшесі 70,каб 51

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефон нөмірі: 8(715-2)50-43-56