Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы – өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, санаты С-R-4, 1 бірлік, № 18-7.06-3.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Агрономия
- Биотехнология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық.
Функционалды міндеттер
(блок А-4) Инспекцияда өсімдік қорғау саласы бойынша тиісті фитосанитариялық қауіпсіздік іс-шараларын атқару, мәліметтер мен есептіліктерді жинақтап, жоғары органға және қажеттілігіне қарай басқа тиісті органдарға ұсыну. Аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарын жүргізуді, пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін анықтап, лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Тиісті белгіленген аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау, өсімдік қорғау және карантин саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
tashenov.b@minagri.gov.kz
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Тараз қаласы, Пушкин көшесі, 140 Б, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
(87172) 555-885