Абай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы Көліктегі бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты (1 бірлік), КББ-1
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
Абай облысы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Логистика (сала бойынша)
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысының келешек және ағымдағы жоспарлауын жүзеге асырады және оның орындалуын бақылайды; Бөлімнің автомобиль, теміржол және су көлігі саласында жеке және заңды тұлғалардың автомобиль, теміржол және су көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бөлігіндегі жұмысын үйлестіру; мемлекеттік қызметтер көрсету; автомобиль, теміржол және су көлігі саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты профилактикалық бақылауды және жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу; автомобиль, теміржол және су көлігіндегі қауіпсіздіктің бұзылуына, оның ішінде Қазақстан Республикасының автомобиль, теміржол және су көлігі саласындағы заңнамасының талаптары бұзылуына мониторинг және талдау жасау; әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңдарды қолдану; көлік қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын сақтау; теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар мен багажды, жүктер мен қауіпті жүктерді тасымалдау жағдайына талдау жүргізеді, жылжымалы құрамды жасанды құрылыстар мен жолдың жоғарғы құрылысын пайдалану мен күтіп-ұстауға бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады (магистральдық, станциялық және кірме жолдар); Теміржол көлігіндегі жолдар мен жасанды жасанды құрылыстардың жай-күйі мен жоғарғы құрылысына талдау және теміржол магистральдық және станциялық жолдардың жоғарғы құрылысын күтіп-ұстау бойынша мониторинг жүргізу; өзен көлігі мен шағын көлемді флотқа, порт құрылыстарына мониторингті жүзеге асыру; кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру; флоттағы авариялардың алдын алу жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын іске асыру.
Іс-шаралар жоспарларын, көліктік бақылау органдарының қызметі бойынша жол карталарын орындау, ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуі үшін алымның болжамды сомасын орындау, мемлекеттік бағдарламалармен белгіленген және басқа индикаторларға қол жеткізуді ұйымдастырады.
Жергілікті атқарушы органдармен, құқық қорғау және бақылаушы мемлекеттік органдармен автомобиль, теміржол және су көлігіндегі заңдылықты қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылдың технологиялық схемаларын, бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
Кәсіби деңгейді арттыру бойынша оқыту семинарлары мен басқа да іс-шараларды, автомобиль, теміржол және су көлігі саласындағы бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қатысты ұйымдардың қызметкерлерімен жұмыс кеңестерін өткізуді ұйымдастырады.
Инспекция қызметін заңдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның қызметінде заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Сотта, сондай-ақ басқа да органдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде Инспекцияның мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіреді; Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзесе асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді.
Инспекция ережесіне кіретін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
in.dzhunusova@miid.gov.kz
- 30.11.2022
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1
-
+7 (7172) 983601