Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Лицензиялау және пестицидтерді тіркеу басқармасының сарапшысы, (бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне 15.12.2023 ж. дейін), санаты С-5, 1 бірлік, № 18-3-5.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Агрономия
- Химия
- Құқықтану
- Топырақтану және агрохимия
- Өсімдік қорғау және карантин
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; Стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-5)
«Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу», «Өсімдіктерді қорғау құралдарының импортына лицензия беру», «ЕЭК алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу сынақтарын және /немесе ғылыми зерттеулер жүргізу үшін үлгілерді, тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарын әкелуге қорытынды беру» мемлекеттік қызметін жүзеге асыру; пестицидтер импортын келісу, ҚР аумағына әкелінетін пестицидтердің электрондық тізілімін жүргізу; пестицидтердің тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізуге заңды және жеке тұлғалардың өтінімдерін қабылдау және қарау; пестицидтерді тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу, пестицидтерді қолдану регламенттерін токсикологиялық бағалау бойынша зерттеулер жүргізу жоспарларын жасау және бекіту; тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; пестицидтердің қозғалысы бойынша есепті дайындауға қатысу; Министрліктің веб-сайтын ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kenzhebaeva.d@minagri.gov.kz,
- Собеседование с кандидатами, участвующими в общем конкурсе, проводятся по адресу: город Астана, пр. Мәңгілік ел, 8 дом,13 подъезд.
-
8 7172-555-885