Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Өсімдіктер карантині және цифрландыру басқармасының сарапшысы, (бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне 08.02.2023 ж. дейін), санаты С-5, 1 бірлік, № 18-2-6.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Агрономия
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Өсімдік қорғау және карантин
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; Стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок А-5)
Карантиндік объектілердің ошақтарын зерттеп-қарау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін бақылау; пестицидтерді, оларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға конкурстар өткізуге материалдар дайындауға қатысу, сондай-ақ пестицидтерді жеткізу, пестицидтерді сақтау және тасымалдау, химиялық өңдеулерді жүргізу жөніндегі шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысқа қатысу; карантинге жатқызылған өнімнің республикаішілік өтуін бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; аумақтық инспекциялар ұсынатын өсімдіктер карантині жөніндегі ақпаратты жинау және өңдеу; құжаттарды, оның ішінде Басқарма құзыретіне кіретін бақылау хаттарын, сондай-ақ Комитет басшылығының жазбаша және ауызша тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау; Министрліктің веб-сайтын ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
8 7172-555-885
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 кіреберіс, мекен жайы бойынша өткізіледі.
-
8 7172-555-885