Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік, № 18-19-4.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Астана қаласы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок В-5)
Директивалық құжаттарды, Комитеттің жоғары тұрған басшыларының тапсырмаларын орындау; бюджет заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету; қаржылық құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру; алдағы жылдарға арналған жыл сайынғы бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік және салалық заңнама нормаларына сәйкес қаржыландыру жоспарларын және оларға есептерді жасау, талдау жүргізу, қаржылық қамтамасыз ету департаментіне енгізу үшін бюджеттік өтінім жинағын қалыптастыру; міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жылдық жоспарын қалыптастыру; бюджеттік; бюджетті жоспарлау кезінде бюджет заңнамасының нормаларын қолдану мәселелері бойынша әдіснамалық және практикалық көмек көрсету; ведомстволық бағынысты ұйымдардың бюджеттік бағдарламаларының іске асырылу барысы туралы, Қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша есептерге талдау, жиынтық жүргізу; дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есептер жасау; тауар-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу; тауар-материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша айналым ведомостерін жасау; бағдарлама бойынша қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат қалыптастыру; "Агробизнес – 2020" АӨК дамыту бағдарламасына сәйкес бюджеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы, Қаржыландыру жоспарының орындалуы бойынша есептер жинағын, талдау жүргізу; "ҚР АШМ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"; төлем шоттарын дайындау және жөнелту; бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ОТИ бойынша тиімділікті бағалау нәтижелерін талдауды және жинақтауды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kenzhebaeva.d@minagri.gov.kz,
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 подъезд. (Министрліктер үйі) мекенжайында өткізіледі.
-
87172-555-885,