Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне 01.10.2024 ж. дейін), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-19.2-2

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(Блок Б-4) Бюджеттік заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережелеріне сәйкес бухгалтерлік есептердің сапалы және уақытылы берілуін қамтамасыз ету. Жасалған шарттар негізінде қазынашылыққа тіркеуге өтінімдерді қалыптастыру және беру. Негізгі қордың 2320, 2350, 2360, 2370 шоттары бойынша есеп карточкаларын жүргізеді; тозу және амортизацияны есептейді; әр айдың басында жабдықтаушылармен және ұйымдармен салыстыру жүргізіп отырады; қызметтік көліктердің жүргізушілеріне жол жүру парақшасын береді; негізгі құралдар бойынша түгендеу жүргізеді; салық органдарына есеп беруді жүзеге асырады; статистика органдарына есеп беруді жүзеге асырады;Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес  басқа да лауазымдық міндеттерді атқарады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.11.2022 – 24.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Алматы қаласы, Медеу ауданы, Мақатаев көшесі 15, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555-885