Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (кадр қызметкері) , C-O-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметке алу, шығару рәсімдерінің құжаттарын дайындайды; мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарын рәсімдейді; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерінің есебін жүргізеді; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді,   бірыңғай автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйеде) енгізеді;

мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді; мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады;

қызметшілердің жеке іс қағаз қызметтеріне байланысты өзгерістерді енгізеді; қызметшілердің еңбек кітапшаларын толтырады және  есепке алады; қызметшілердің  жұмысқа келуі, кетуі, болмауы жайлы есеп-табелін жүргізеді;  қызметшілердің әскери есебін  және әскери омиссариаттармен салыстырмалық есептерін жүргізеді; қызметшілердің жыл сайынғы табыс және мүлік жөніндегі декларацияларын салық органдарына тапсырылуына бақылауды қамтамасыз етеді;

кадр бойынша есептерді дайындайды және бөлім басшысына тапсырады; Қазақстан Республикасының  заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асырады 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.11.2022 – 23.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)555945