Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
3.1. Аса қауіпті аурулармен ауыратын жануарлардың диагностикасы бойынша ветеринарлық шараларды ұйымдастыру және олардың орындалуы үшін бақылау жүргізеді.
3.2. Ветеринария мәселелері жөніндегі Комитеттің аумақтық инспекцияларының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және өз құзіреті шегінде белгіленген мерзімде ол бойынша қажетті ақпаратты дайындайды.
3.3. «Мал шаруашылығының дамуына және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сату үшін жағдайлар жасау» 249 бюджеттік бағдарламасы бойынша «Жануарлар ауруларының диагностикасы» 100 «Мониторинг, референттік, ветеринариядағы зертханалық диагностикалау» және 102 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» қосалқы бағдарламасы бақылауды жүзеге асырады.
3.4. «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) және «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК (мемлекеттік тапсырыс шеңберінде) қызметін үйлестіреді.
3.5. Жануарлардың аса қауіпті аурулардың диагностикасы бойынша ветеринариялық іс- шаралар жоспарын бекіту үшін әзірлейді.
3.6. Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша диагностикалық зерттеулер жоспарының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
3.7. «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК және Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-дан келген айсайынғы қызмет көрсету актісін тексеруді жүзеге асырады.
3.8. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша айсайынғы ақпараттарды дайындайды.
3.9. Ветеринариялық зертханалардың қызметі туралы есеп жүргізу 8-вет.
3.10. Өз құзыреті шеңберінде ветеринария саласында қызмет жүргізетін жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметіне бақылау жүргізеді.
3.11. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін, арыз-шағымдарын Басқарма бастығының тапсырмасы бойынша қарастырады, олар бойынша Комитет басшыларына ұсыныстар және Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген мерзімде оларға жауаптар әзірлейді.
3.12. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды.
3.13. Басқарманың құзыретіне кіретін құжаттардың, оның ішінде бақылау хаттарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
3.14. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Комитет пен басқарма басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзгеде өкілеттіктерді жүзеге асырады;
3.15. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы, 8 үй, 2 подъезд
-
87172555945