Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясы бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (кадрлық бірлік), санаты С-О-5, 1 бірлік № 18-1.3-4.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Абай облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
  • Агрономия
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.    

Функционалды міндеттер

(блок B-4) Еңбек тәртібін қадағалау, қызметшілердің жұмысқа шығу есебін жүргізу.  Мемлекеттік қызметшілердің «Е-қызмет» АЖ жұмысын сүйемелдеу. Сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыға үстемеақы белгілеу, жұмыс өтілін есептеу жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілердің дербес жұмыс жоспарларын уақытында әзірлеу жұмысын үйлестіру және нысаналы мақсатты индикаторларға жетудің тоқсан сайынғы мониторингін жүргізуді бақылау. Облыстық және аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметшілерінің жеке істерін жүргізу, қызметтік тізімдерін жасап, еңбек кітапшаларына қажетті жазбалар енгізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.11.2022 – 16.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Семей қаласы, Павлодарская көшесі 106 мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

7(7172) 555-885