Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, санаты С-О-4, 1 бірлік (№04-01)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

238548

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Бизнес және басқару
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық

Функционалды міндеттер

Бухгалтерлік есепшоттарын да барлық жүзеге асырылатын шаруашылық операциялардың көрсетілуін, бухгалтерлік есеп берудің белгіленген мерзімінде қаржылық жағдайы туралы жедел ақпарат беруді және қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік қаражаттың игерілуіне дербес жауапты. Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелерімен айналысады. Бюджет қаражатының пайдаланылуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді. Жалақының уақытылы есептелуіне дербес жауапты болады. Бюджеттік өтінімді және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларын жасауды қамтамасыз етеді. Бас кітапты жүргізуді қамтамасыз етеді. Қаржыландыру жоспарының орындалу балансын жасауды қамтамасыз етеді. Негізгі құралдар мен арзан құнды құндылықтардың есебін жүргізеді. Еңбек сіңірген жылдарын есептеу жөніндегі комиссияға қатысады.  ЖЖМ талондарын беру бойынша есеп жүргізеді. Мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыруға, меншіктің сақталуын күшейтуге, бухгалтерлік есеп пен бақылаудың дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге шаралар қабылдайды. Активтерді, кеңсе тауарларын және шығыс материалдарын есепке алуды, сондай-ақ олардың қозғалысына бақылауды жүзеге асырады. Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаментінің қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге басқару қажеттілігін жоспарлайды. Шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылайды. Басшылықтың өзге де жұмыс тапсырмаларын орындайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.11.2022 – 07.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 15

Анықтама алу үшін байланыс

8(705)331-84-91