Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, санаты С-О-4, 1 бірлік (№02-01)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

271256

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Орман шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Агроинженерия
  • Геодезия және картография
  • Кадастр

Қосымша талаптар

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды үйлестіру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жер құқығы қатынастарын реттеу жөніндегі материалдарды қарайды. Ұлытау облысының аумағында жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға, Қазақстан Республикасының жер заңнамасы нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына; жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына; азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына; межелiк белгiлердiң сақталуына; жергілікті атқарушы органдар мен жеке немесе заңды тұлғалар арасында жасалған уақытша жер пайдалану туралы шарттарды олар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінде белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда біржақты тәртіппен бұзу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізу;  пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;облыстың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасының жер жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша қабылданған шешімдерінің заңдылығына заңнамасы саласында қабылданған шешімдерінің заңдылығына; облыстың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне; бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне; жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына бақылау жасайды. Жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына бақылау жасайды.Мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтау және алып қою. Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзушылықтарын анықтау, жою бойынша шаралар қабылдайды. Жер қатынастары мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, прокуратурамен, соттармен және басқа да мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне "1-жер" есебінің уақытылы ұсынылуына бақылауды жүзеге асырады. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың жай-күйі туралы жедел статистикалық есептерді жасауды және тапсыруды қамтамасыз етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Өзге де жұмыс тапсырмаларын орындайды. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушыларға уақытылы шара қолдануды қамтамасыз етеді. Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау бойынша бақылау тексерулерінің материалдарын сапалы және объективті дайындауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасындакөзделген басқа да міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.11.2022 – 04.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 15

Анықтама алу үшін байланыс

8(705)331-84-91