Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекші маман-өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекторы С-О-6, 1 бірлік, № 18-16.2-40.

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы, тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, стратегиялық құжаттарды білу, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-4) Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік саясатты іске асырады. Өсімдіктер карантині саласында жасалынған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады.Фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы әкелінетін, әкетілетін, транзиттелетін карантинге жатқызылған өнімдерге карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы әкелінетін карантинге жатқызылған өнімдерге фитосапнитариялық бақылау қадағалауды жүргізу, қажет болған жағдайда, тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерден үлгілерді іріктей отырып, зертханалық сараптама жүргізеді.Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар – көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өтуге   (не өтуге рұқсат жоқ)  туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабанды басады.Жолаушылардың багажындағы және қол жүгіндегі өсімдіктер салымына карантиндік тексеру жүргізеді; Әкелінетін және транзиттелетін карантинге жатқызылған өнімдерде карантиндік құжаттарды   (фитосанитарлық сертификат) тексереді;Қазақстан Республикасының өсімдіктер саласындағы заңдарына сәйкес жүк иелеріне тиісті карантиндік шаралар жүргізу туралы нұсқама береді; Аумақтық басқармаларға жүк баратын орынға карантинге жатқызылған өнімнің өтуі туралы карантиндік хабарлама жібереді. Өсімдіктер карантині саласындағы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартады. Күнделікті мәліметтерді бірегей автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы Астана-1 бағдарламасы бойынша компьютерге енгізу және қажетті мәліметтерді беру; Фитосанитариялық бақылау бекеттері бойынша жауапты мемлекеттік инспектор ай сайын  жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс табелін толтырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.11.2022 – 10.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Түркістан қаласы, Жаңа қала м/а, 32 көше, 16 ғимарат, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885