Атырау облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің Қаржы-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспектор (уақытша, бала күту демалысында 2023 жылдың 19 қазанға дейін)

Мемлекеттік орган

Атырау облысы Жер ресурстарын басқару департаменті

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

186632

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

  Блок  «В».

1) Кадр қызметі құжаттамаларын жүргізу және ресімдеу;

2) Департамент қызметкерлерінің еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін ұстануын қадағалау және қызметкерлер тәртіп бұзған жағдайда, тәртіптік жазаға тарту жөніндегі өз ұсынысын беруге;

3) Жазбаша түрде мемлекеттік қызметшілердің шектеулерді қабылдауы жөніндегі келісімдерге қол қоюын қамтамасыз ету және осы шектеулерді бұзған жағдайда, туындайтын құқықтық жағдайлар туралы ескерту;

4) Мемлекеттік қызметте болуларына байланысты шектеулерді орындауларын, кірістер жөніндегі декларацияларды уақытында тапсыруларын бақылауға алу;

5) Мемлекеттік қызметшілерді бағалау, даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру;

6) Тәртiптiк, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелерi жөнiндегi өзге де комиссиялардың қызметiн ұйымдастыруға;

7) Мемлекеттік қызметшілердің гендерлік-жастық құрамы, білімінің деңгейі мен басқа да кадр бойынша тоқсандық және жылдық есептерді жасақтау тиісті органға жолдауға;

8) Резервшілердің тізімін беру туралы бекітілген нысанда сұрату әзірлеп, тиісті органға  жолдауға;

9) «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, конкурс туралы хабарландыруларды дайындау, конкурсқа қатысқысы келетін азаматтардың құжаттарын  қабылдау, үміткерлермен әңгімелесуді ұйымдастыру және конкурс комиссиясы мәжілісі хаттамаларын жасақтауға;

10) Жеке құрамы бойынша және өндірістік бұйрықтарды әзірлеу, қызметшілердің жеке істерін жүргізу және еңбек кітапшаларына қажетті жазбаларды енгізу, құрылымдық және басқа да өзгерістерге байланысты  қызметкерлердің  қызметтік тізімдерін жасақтап және жаңартып отыруға;

11) Басқа мекемелердің сұратуы бойынша қызметкерлердің бұрынғы және қазіргі еңбектері туралы анықтама беруге;  жұмысқа  жаңадан  қабылданған  қызметкерлермен  міндетті  арнайы  тексеру  қорытындысы алынғанға дейін жеке еңбек келісім-шартын жасау, олардың құжаттарын міндетті арнайы тексеруден өткізу үшін дайындап жолдауға;

12) Бөлім жұмысын тиімді ұйымдастыруға өз ұсынысын беруге, іс жүргізуші лауазымына бақылау жасауға, жергілікті мұрағат мекемелерімен байланыс жүргізіп, істер номенклатурасын жасақтауға;

13) Департамент бойынша бақылауға алынған құжаттардың орындалысын бақылауды қамтамасыз етуге, мекемелер мен өзге  де  мемлекеттік  органдар  сұратқан  қатынас  хаттар  мен ақпараттар бойынша берілетін жауаптардың мерзімінде дайындалуына қадағалау жасауға;

14) Департаменттің тауарлар, жұмыстар және қызметтер жөніндегі қажеттілігінің жоспарын әзірлеп бекітуге;

15) Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің мемлекеттік сатып алу процесіне қатысты, мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес келісім –шарттарды жасақтауға;  

16) Департамент үшін мемлекеттік сатып алу  үрдісін жүргізу және бекітілген формада тоқсандық және жылдық есептерді жасақтауға;

17) Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдармен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес, пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы бойынша соттарда, құқық қорғау органдарында, мемлекеттік органдарда және басқада ұйымдар мен мекемелерде немесе үшінші жақтан қатыса отырып, департаменттің мүліктік және басқа да мүдделерін құқықтық негізде қорғап, сотта өкіл ретінде қатысуға;

18) Қазақстан Республикасы заңнамасын бұза отырып, пайдаланып жатқан жер учаскелерін алып қою туралы сот органдарында талап-арыз дайындау;

19) Басшылардың бұйрықтары, хаттамалық құжаттары, тапсырмалары, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;

20) Департаменттің мүліктік және басқа да құқықтарын құқықтық негізде қорғауға, жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыруды жүргiзуге қатысып, өз ұсынысын беруге;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.11.2022 – 14.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.11.2022

Сұхбаттасу орны

Атырау облысы Жер ресурстарын басқару департаменті, Атырау қаласы, Әйтеке би 79 "А" 202 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8-7122 -27-01-58