Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы (бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалыс кезеңіне 12.10.2024 ж. дейін), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-17.2-4.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
  • Агрономия
  • Аграрлық техника және технология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок А-5)

Ішкі немесе сыртқы карантин және мемлекеттік қызмет көрсету барысында карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; Қызметі карантиндік өнімдерді дайындаумен, өндірумен, қайта өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен байланысты ұйымдардың, мемлекеттік органдардың лауа-зымды тұлғалары мен жеке және заңды тұлғалардың каран-тиндік ережелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру; Өсімдіктердің карантині жөніндегі іс-шараларды орындауға нұсқама шығарады және оның орындалысын бақылау; Өсімдіктердің карантині жөніндегі ережеге және нұсқаулыққа сәйкес карантиндік бақылауды, тексеру мен сараптауды және карантинге жатқызылған өнімдерді, сондайақ көлік құралдарын залалсыздандыруды бақылауды жүргізу; Өсімдіктердің карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету; Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды әкімшілік жауап-кершілікке тарту; Өсімдіктер карантині саласындағы іс-қағаздарды жүргізу; Жұмыстың біліктілік талаптары мәселелері бойынша отан-дық және шетелдік тәжірибелерді оқып, білу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 31.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.11.2022 – 09.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер 15, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

(87172) 555-885,