Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы санаты С-О-4, 1 бірлік, № 18-17.3-1.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
Ұлытау облысы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
(блок В-5)
Бөлімінің жұмысын уақытылы ұйымдастыру, шараларды жоспарлау мен олардың орындалуын қадағалау және қаматамасыз ету. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының дұрыстығын қамтамасыз ету. Құжаттардың уақтылы, дұрыс толтырылуына және іске асырылатын операциялардың заңдылығын қамтамасыз ету және оған тұрақты бақылау жүргізу; Ашылған кредиттерге (ассигнованияларға) сәйкес және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістермен есептесе отырып, бюджеттегі шығындық сметада белгіленген мақсатты қаржылардың дұрыс және үнемді шығындалуын қадағалау, сонымен қатар ақшалай қаржылар мен материалды құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және бақылау жасау; Банкілік операциялардың есебін жүргізуін қамтамасыз ету және бақылау; Еңбек жөніндегі мемлекеттік статистикалық есептерді толтыруын, инспекция қызметкерлері мен жұмыскерлерінің еңбек ақыларын есептеуі, әлеуметтік, жеке табыстық, қоршаған ортаның ластануы жөніндегі, жылдық жиынтық салықтар жөнінде декларация толтыруын, жинақтаушы зейнетақы қорымен есептесуін. Шығындар сметасы мен олардың есептерін құруын, инспекцияның бюджеттік өтінімдерін әзірлеуін және инспекцияның мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастыруын уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және бақылау. Есепті дербес жүргізетін ҚР АШМ АӨК МИК аудандық және қалалық аумақтық инспекцияларына қаржының уақтылы бөлінуін ұйымдастыруын, сонымен қатар олардың шығындық сметаларын орындалуын қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру. Жүзеге асқан шаруашылық операциялардың барлығының бухгалтерлік есепте көрсетілуін, бухгалтерлік есепті жасап оның уақытында ұсынылуын қамтамасыз ету. Ақшалай қаржылардың, есептер мен материалды құндылықтарды түгелдеуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру, түгелдеудің нәтижелері уақтылы және дұрыс анықталуын, олардың есепте көрсетілуін қамтамасыз ету. Жанар-жағар майлардың есебін жүргізу, жүргізушілерге жол парағын беру және №8 «Жанар-жағар майларды шығынға жазу» ордерінің журналын толтыру. Инспекция басшысы жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Электрондық қол таңба арқылы Қазынашылық – клиент бағдарламасына енгізілген төлем шоттардың Ережеге сәйкестігін қамтамасыз ету, басшылыққа бекітуге жіберу. Заңгерлік қызметтерінің, іс жүргізу қызметіне, техникалық персоналдардың жұмыстарына басшылық жасау. Лауазымдарына және біліктіліктеріне сәйкес бөлім қызметкерлерінің міндеттерін бөлу. Қызметтік әдеп нормаларын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болумен байланысты шектеулерді қатаң сақтау. Мемлекеттік қызметші өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының немесе құқық қорғау органдарының назарына оған белгілі болған сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзышылық жәйттері туралы жеткізу. Басқа да Инспекция басшысы оның орынбасары жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Собеседование с кандидатами, участвующими во внутреннем конкурсе, будет проведено по адресу город Жезказған улица Бульвар Ғарышкерлер 15, посредством дистанционных средств видеосвязи.
-
(87172) 555-885