Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сыртқы бақылау мен қадағалау басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік, № 18-4-5.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Білім: биология
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Қосымша талаптар

Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы; тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі заңнамаларды және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

(блок A-5) Карантиндік объектілердің ошақтарын тексеру, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін бақылау; Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысқа қатысу; карантинге жатқызылған өнімнің импорты, экспорты, транзиті және мемлекетішілік орнын ауыстыру жөніндегі іс-шараларды бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; аумақтық инспекциялар ұсынатын өсімдіктер карантині жөніндегі ақпаратты жинау және өңдеу; құжаттарды уақтылы және сапалы орындау, оның ішінде құзыретіне кіретін бақылау хаттарын, сондай-ақ Комитет басшылығының жазбаша және ауызша тапсырмаларын орындау; Министрліктің веб-сайтын ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.10.2022 – 03.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Астана қаласы, Мәнгілік ел, 8 үй, 13 кіреберіс, мекен жайы бойынша өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172-555-885