Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-18.2-2.

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

(блок В-4)

Уәкілетті органның номативтік құқықтық актісінде бекітілген тиісті құзыреттер; Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; Стратегиялық құжаттарды білу; Қазақстан Республикасының бюджет саласында заңнамасын, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу

Функционалды міндеттер

Қазынашылық органдарында тіркеу жұмыстарын жүргізу; Еңбекақыны, жәрдемақыны есептеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; Қаржылық жоспарларды құру; Банк операцияларын жүзеге асыру; Қаржылық салық және статистикалық есептілікті жасау; Тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау, шығару және есепке алу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету; Активтерді түгендеу бойынша есепті талдау және дайындау; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, этикалық нормаларды бұзған жағдайда жауапты болады; Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.10.2022 – 01.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы 6 А, мекенжайында қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555-885