Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комиетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бөлім басшысы, C-O-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ ВБҚК «Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды және бөлімнің мамандарының міндеттерін айқындайды;

Инспекцияның Ережесін, регламентін, істер номенклатурасын, іс жүргізу нұсқаулығын, лауазымдық нұсқаулықтарды жасайды және бекітуге ұсынады. Инспекция басшыларына қол қоюға берілетін құжаттардың заңнамаларға сәйкес қаралуын қамтамасыз етеді; инспекция аппаратында кадрларды орналастыру және іріктеп алу бойынша қызметін үйлестіреді; 

Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орындалуына бақылауды жүзеге асырады; кадрлармен жұмыс бойынша есептің уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етеді; инспекцияның  ұйымдастыру- реттемелеу жұмыстарының құжаттарын әзірлеуге қатысады;

инспекцияның құрылымдық бөлімдердегі құжаттардың қозғалысына мерзімдік сараптау жасап, бақылауды жүзеге асырады; аттестациялық, тәртіптік, конкурстық және т.б. комиссиялардың жұмыстарын үйлестіреді; жоғары тұрған органдардың құжаттарының уақытылы орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді; сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда инспекция қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мүдделерiн бiлдiреді;

құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастырады; инспекция қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;

инспекцияның құрылымдық бөлімдерінде  тапсырмалар мен құжаттарды орындау жөніндегі қызметін үйлестіреді;

бөлім мамандары арасындағы тиімді өзара байланысты қамтамасыз етеді және олардың жұмыстарын ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының  заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асырады

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.10.2022 – 22.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 - 945