Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Заңнамамен белгіленген өзіне жүктелген қызметтерді іске асыру мақсатында бас сарапшы төменде көрсетілген қызметтерді атқарады:

3.1. Комитеттің, оған бағынысты мекемелер мен аумақтық бөлімшелері бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есепті ұсыну;

3.2. Комитеттің бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) бекітілген ерекшеліктері аясында кассалық және нақты шығыс есебін жүргізу;

3.3. Комитеттің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шотына келіп түскен ақшалай қаражатты есепте көрсетеді;

3.4. Қаржылық құжаттарды уақытылы және сапалы жасалуын қамтамасыз ету;

3.4. Жеткізушілер мен мердігерлермен  берешектер бойынша өзара салыстыру актілерін жүзеге асыру;

3.5. Комитеттің дебиторлық және кредиторлық берешектеріне уақытылы түгендеу жүргізу;

3.6. Директивті құжаттарды, Комитет басшыларының, Басқарма басшысының тапсырмаларын орындау;

3.7. Ведомстволық бағынысты республикалық заңды тұлғаларға берілген мүлікті алу және қайта бөлуге мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органға келісім беру туралы ұсыныстарды Комитет басшысына енгізу;

3.8. «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-нің жарғылық капиталын ұлғайтуы бойынша құжаттарды мен мүлік және жекешелендіру комитетіне қарастыруға және келісуге кіргізу;

3.9. Комитеттің аумақтық органдарының, Комитетке ведомстволық бағынысты республикалық мекемелердің бухгалтерлік-қаржылық есептерін қабылдау және тексеру;

3.10. Ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық есептерін қарастыру, тексеру және бекітілуін қамтамасыз ету;

3.11. Комитеттің қаржы есебін құрастыру, шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және уәкілетті органға e-minfin.gov.kz портал арқылы тапсыру;

3.12. Импорт жүзеге асыруына қарай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда туралы статистикалық есебін уәкілетті органға тапсыру;

3.13. Комитеттің Негізгі қорлар жағдайы туралы есебін уәкілетті органға тапсыру;

3.14. Кәсіпорындарда ақпараттық–коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есебін уәкілетті органға тапсыру;

3.15. Инвестициялық қызмет туралы статистикалық есебін уәкілетті органға тапсыру;

3.16. Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініші  уәкілетті органға тапсыру (328.00 салық есебінің нысаны);

 3.17. Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияны уәкілетті органға тапсыру (328.00 салық есебінің нысаны);

3.18. «1-С: Кәсіпорын 8» бағдарламалық қамтамасыз етудің есептілік кезенді жабу, мемориалды ордерлерін рәсімделу;

3.19. Ішкі еңбек тәртібі ережесін ұстану;

3.20. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, Комитет және Басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес өзге де міндеттерді атқару;

3.21. Бухгалтерлік және қаржылық қызметке қатысты ережелерге, нұсқамаларға, есеп пен есептілік сұрақтары бойынша методикалық нұсқаулықтарға жүйелік есеп жүргізу.

3.22 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.10.2022 – 20.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Астана, пр. Мангилик ел, 8 дом, 2 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 - 945