Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика

Қосымша талаптар

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Басқарма басшының міндеттерін орындау үшін мынадай құқықтар берілген:

3.1. Комитеттің бюджеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүргізуге және ұйымдастыруға іс шараларды белгіленген тәртіппен ұйымдастыру;

3.2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттамаларды әзірлеу және бекіту;

3.3. Комитет бойынша мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын әзірлеу және бекітуді қамтамсыз ету;

3.4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бұйрық жобаларын әзірлеу және бекітуді қамтамсыз ету;

3.5. Қазақстан Республикасы заңнамамен белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялауға міндетті;

3.6. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

3.7. Комитеттің бюджеттік бағдарламасы аясында шарттардың міндеттерінің орындалуы және мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптарына сәйкес құжаттарды  өз құзыры шегінде мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкестігін тексеру;

3.8. Комитеттің бюджеттік бағдарламасы аясында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді белгіленген тәртіппен ұйымдастырады және талдау жүргізеді;

3.9. Комитеттің аумақтық бөлімшелер және бағынысты ұйымдарына мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселесі бойынша методикалық көмекті, есептерді құрастыру, практикалық көмек көрсету, қажет кезде іссапарға барады;

3.10. Комитет пен Басқарма басшылығының белгіленген мерзімде тапсырмаларын орындау;

3.11. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау;

3.12. Қазақстан Республикасы заңнамасына, Комитет және Басқарма басшылығының тапсырмаларына сәйкес басқа да міндеттерді орындайды;

3.13. ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемені жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.10.2022 – 20.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 2 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 - 945