Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Мемлекеттік жер кадастры басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі мерзіміне дейін 07.05.2023 ж.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

241078

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ақпараттық жүйелер
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Қызмет көрсету (білім саласы)
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік жер кадастрынжүргізуді ұйымдастыру; жер кадастры бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; жерге мониторинг жүргізуді ұйымдастыру; жер заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау, жыл сайынғы Қазақстан Республикасының жер балансын жасауға және қабылдауға, Қазақстан Республикасындағы жерлердің сандық және сапалы жай-күйі туралы жинақ талдау есебін жасауға қатысу; мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бонитировкалық, топырақтық, геоботаникалық іздестірулер мен басқа да зерттеу жұмыстарынаң көлемін анықтауға қатысу; мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізуді ұйымдастыру, бюджеттік өтінімдерді ресімдеу, жұмыстарды орындауға шарттар жасау, атқарылған жұмыстардықабылдап алу; жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру; жер кадастрын жүргізу мәселесі бойынша консультативті көмек көрсету; жер туралы деректерді жинау мен жүйелендіру, зерттеу мен сақтауды жүзеге асыру;жер – 2 нысаны бойынша есептер жасау мен талдау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Комитет пен Министрлік басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.10.2022 – 26.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Мәңгілік Ел - 8,14 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172)74-08-83