Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы облыстық аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (заңгер), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-4.3-4
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Блок Б-4
Инспекцияның жалпы құқықтық оқытуын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша оқыту бағдарламасын ұйымдастыру және өткізу; салыстырып тексеру құжаттарының стандарттарға сәйкестігін тексеру және практикалық әдістемелік және құқықтық көмек көрсету; мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру; Инспекция салған айыппұлдар бойынша құжаттарды сұратуға; Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі инспекциясымен салынған айыппұлдар және құзырлы органдар жүргізген тексерулер бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу; белгіленген тәртіппен сотта инспекцияның мүдделерін қорғауға; сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарда құқықтық мәселелер бойынша шарттардың және тексеру құжаттамасының заңға сәйкестігін қамтамасыз ету, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің қолданылуы мен орындалуын бақылау; сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған шаралар қабылдау; құқық қорғау органдарының хаттарына – сұрауларына жауап дайындау; Мемлекеттік қызметшілердің жеке жұмыс жоспарларын уақтылы әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіру және мемлекеттік инспекция комитетінің жетістігін тоқсан сайынғы мониторингін бақылау. Мекеменің мүддесін білдіру және қорғау. жоғары тұрған ұйымдардың нұсқауын, хаттық сауалдарға жауаптарды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiнiң орындалу мерзiмдерiн тiркейдi және бақылауды жүзеге асырады, тіркелген өтініштерді уәкілетті органмен ай сайын салыстырады; кіріс және шығыс хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді және олардың уақтылы орындалуын бақылайды; Іс қағаздарды жүргізуді бақылау; қатаң есеп беру нысандарын қолдануды бақылайды; заңнамалық мәселелер бойынша инспекция қызметкерлеріне кеңес беру;инспекция құжаттарының заңнамаға сәйкестігін тексеру. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Медеу ауданы, Мақатаев көшесі 15
-
+77172-555-885