Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАгроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы облыстық аумақтық инспекциясының Бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (бухгалтер), санаты С-О-5, 1 бірлік, № 18-4.3-2
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Блок Б-4
Бюджеттік заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережелеріне сәйкес бухгалтерлік есептердің сапалы және уақытылы берілуін қамтамасыз ету. Жасалған шарттар негізінде қазынашылыққа тіркеуге өтінімдерді қалыптастыру және беру. Негізгі қордың 2320, 2350, 2360, 2370 шоттары бойынша есеп карточкаларын жүргізеді; тозу және амортизацияны есептейді; әр айдың басында жабдықтаушылармен және ұйымдармен салыстыру жүргізіп отырады; қызметтік көліктердің жүргізушілеріне жол жүру парақшасын береді; негізгі құралдар бойынша түгендеу жүргізеді; салық органдарына есеп беруді жүзеге асырады; статистика органдарына есеп беруді жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да лауазымдық міндеттерді атқарады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Медеу ауданы, Мақатаев көшесі 15,
-
+77172-555-885