Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы облыстық аумақтық инспекциясы Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы, санаты С-О-5, 2 бірлік, № 18-4.1-2, № 18-4.1-3

Мемлекеттік орган

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Биотехнология
  • Топырақтану және агрохимия
  • Жеміс - көкөніс шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Қосымша талаптар

    Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.

Функционалды міндеттер

Блок А-5

Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; Облыс аумағында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру; Облыс аумағында фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті белгіленген нысан бойынша жүргізу және оларды уәкілетті органға табыс ету; Облыс аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шараларды жүргізілуін бақылау. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының орындалуын сақтайды; Негізгі міндеттері – өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік фитосанитарлық бақылауды заң аясында жүзеге асыру. Облыс аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету; Фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау. Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.10.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.10.2022 – 22.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Мақатаев көшесі 15

Анықтама алу үшін байланыс

+77172-555-885