Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы
360000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау. Комитеттің норма шығармашылығы қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; Комитеттің құзыретіне қатысты салалардағы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуде әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз ету, олардың мемлекеттік органдарда келісуден өтуін бақылау, Комитеттік норма шығармашылық қызметін талдау және қорытынды бойынша Комитеттің төрағасына, Министрліктің жауапты хатшысына енгізілген ұсыныстардың жүзеге асырылуы мен байқалған кемшіліктерді жою; басшылыққа қол қоюға ұсынылатын құжаттар жобаларының құқықтық жағынан, сондай-ақ Комитет бойынша бұйрықтардың заңнамалық талаптарға сәйкестігін бақылау; Үкімет анықтайтын тәртіпте нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді, Комитеттің құзыреті шегінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуде жиынтық есепті қамтамасыз етуді (уақытында өзгерістер мен толықтырулар, немесе олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар бойынша) Комитеттің тұрақты негізінде жүргізілуін үйлестіру; құқықтық сипаттағы мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа органдарда (кәсіпорындарда) Комитеттің мүдделеріне өкілдік ету; заң жобасы қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысына қатысу, әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарына анықтамалар дайындау және талдау жүргізу; Комитет басшылығы жүктеген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Мәңгілік Ел - 8,14 подъезд
-
8(7172)74-08-83