Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, C-R-4 (1 бірлік)
ҚР АШМ ВБҚК «Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ
Қарағанды облысы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
«Ветеринария туралы» заңының орындалуын қадағалау. Лауазымды, заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» заңының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторларының ветеринария мәселелері бойынша берген, сонымен қатар басқа да нормативтік және құқықтық актілерінің орындалуын, ветеринарлық іс-шаралардың (адам мен малға ортақ аурулардың профилактикасы, диагностикасы және жою іс- шараларын қоса алғанда) жүргізілуін және ветеринария саласында жұмыс атқаратын заңды және жеке тұлғалардың қызметтерін қадағалау.
Қазақстан Республикасының Ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды табыс ету.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі.
-
8 (7172) 555 945