Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маманы, C-R-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ ВБҚК «Атырау облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-R-5 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

180 517

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

 Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;

 Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық сертификат береді;

 Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

 Бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

 Жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

 Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды табыс етеді;

 Ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына және орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

 Жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтайды;

 Тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

 Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуына және өткізілуіне, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуіне және ондағы ақпараттың жаңартылып отырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

 Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

 Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

 Аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық шаралар жоспарын келісуді жүргізеді;

 Реттелуші саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтарды жүргізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.09.2022 – 06.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 - 945