Ғылыми қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
185713
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Ветеринария
- Биология
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Биотехнология
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) ғылыми дәреженің немесе ғылыми атақтың болғаны жөн;
3) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
АӨК ғылыми-технологиялық қамсыздандыру дамуын мониторингтеуге, ахуал мен перспективасын талдауға қатысу; АӨК-тегі ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету саясат мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу; агроөнеркәсіптік кешендегі ғылыми, ғылыми-технологиялық саясат стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, салалық және басқада бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеуге қатысу; АӨК ғылыми-технологиялық қамсыздандыру жағдайын құруға қатысу; АӨК ғылыми, ғылыми-технологиялық және білім салаларында бюджеттік сұраным мен бюджеттік бағдарламаны әзірлеуге қатысу; АӨК ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету саясат саласында нормативтік құқықтың актілерді (оның ішінде заңнамалық, заңға тәуелділік және басқада актілер) мен халықаралық құжаттарды әзірлеуге және келісуіне қатысу; Еуразиялық экономикалық одақ аясында ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету саясат саласында регламенттерді әзірлеуге қатысу; АӨК ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету саясат саласында құқықтық мониторинг өткізу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттар әзірлеу. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін үйлестіруді және жетекшілік етуді жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-918