Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті Ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 04.08.2024 ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
272351
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Ветеринария
- Биология
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Экология
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу; агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру; кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу берілуі мүмкін өзге де тауарлардың тізбесін әзірлеу; нормативтік құқықтық базаны, баға, кеден қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; АӨК отандық өнімдерін сату үшін кедергілерді жою бойынша шаралар әзірлеу; АӨК өнімдерінің электрондық сауда жүйесін құруға қатысу; Еуразиялық экономикалық одақтың алаңында ұсыныстар әзірлеу үшін агроөнеркәсіптік кешеннің барлық тауарлары бойынша нарықтарға талдау жүргізу; кедендік-тарифтік және тарифтік емес шараларды, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын, шикізат пен материалдарды әкелуге, әкетуге және олардың айналымына тыйым салулар мен шектеулерді әзірлеу және қолдану; үшінші елдермен еркін сауда туралы сауда келісімдерін әзірлеуге қатысу; еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу; үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензия береді; Департамент құзыретіне кіретін Департаменттің, Министрліктің басшыларының тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-918