Егіншілік департаменті Мелиорация басқармасының сарапшысы, санаты С-5, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 04.08.2022 ж. бастап 08.06.2025 ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
239910
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Жерге орналастыру
- Қаржы
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.
Функционалды міндеттер
Суармалы жерлерді мелиорациялау және мониторингі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; суармалы жерлерді гидромелиорациялау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының жобаларын дайындау; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарының іс-шараларын орындау; суармалы жерлерді гидромелиорациялау мәселелері бойынша министрліктермен, ведомстволармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; суармалы жерлерді мелиорациялау және мониторингі саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да органдардың бақылаудағы тапсырмаларына, азаматтардың жеке өтініштеріне жауаптар дайындау; басқарманың құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін материалдар, Министрліктің веб-сайты және Ауыл шаруашылығы министрінің блогы үшін ақпарат дайындауды ұйымдастыру; басшылықтың тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-918