ҚР АШМ Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаментінің Халықаралық ынтымақтастық және хаттама басқармасының бас сарапшысы, санаты С-4, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 15.07.2023 ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Ветеринария
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Құрылымдық бөлімшелердің Қазақстан Республикасының шет елдермен, халықаралық ұйымдармен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастығы жөнінде ұсыныстар дайындауды үйлестіреді. Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және таза салалық мәселелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен, ұйымдарымен және шетелдік мекемелерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосымен және шетелдік мекемелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, іскерлік орталармен ынтымақтастық мәселелерін және таза салалық мәселелерді қоспағанда, екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін қоспағанда, Министрлік басшылығының (Министрдің, Аппарат басшының, вице-министрлердің) қатысуымен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларға анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындайды. Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін қоспағанда, өз құзыреті шегінде екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін қажетті негіздемелік сипаттағы келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысады. Халықаралық интеграция мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға мониторинг және талдау жүргізу бойынша үйлестіруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының шет елдермен және халықаралық ұйымдармен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастығы жөнінде ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Құрылымдық бөлімшелерге жүктелген салалық кіші комитеттерді (кіші комитеттерді, жұмыс топтарын) қоспағанда, Министрлікке жүктелген шет мемлекеттермен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыс топтарының отырыстарын өткізеді. Жауапты органы басқа мемлекеттік органдар болып айқындалған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына қатысады. Қазақстанда шет елдермен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар отырыстарының хаттамаларының орындалуын үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмаларын, шет елдермен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының хаттамалық шешімдерін орындау бойынша мүдделі құрылымдық бөлімшелердің жиынтық ақпаратты (материалдарды) дайындау бойынша үйлестіруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық шарттарын, сондай-ақ Министрлік басшылығының шетелдік өкілдермен кездесулерінің хаттамаларын есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады. Жасалған халықаралық шарттар шеңберінде алынған міндеттемелерді іске асыру және орындау үшін Министрлікте үйлестіруді жүзеге асырады. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішкі талаптарды сақтайды және орындайды. Министрлік басшылығының дипломатиялық корпус өкілдерімен және ресми шетелдік делегациялармен протоколдық іс-шаралар мен іскерлік кездесулерін ұйымдастырады. Министрлік басшылығының шет елдерге шығуын ұйымдастырады (Министрлік басшылығын іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды дайындау, қызметтік, Дипломатиялық паспорттарды және шығу құжаттарын ресімдеу, қонақ үйде тұруға шетел валютасында қаражат алу, Министрлік басшылығы үшін іссапарға тәуліктік және көліктік шығыстар және оларды пайдалану туралы есепті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсыну). Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына бекітілген қазақстандық бөлігін жүргізу үкіметаралық комиссиялар шеңберінде Министрліктің қызметін үйлестіреді. Департамент құзыретіне кіретін Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-918