ҚР АШМ Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаменті директорының орынбасары, санаты С-2, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2

Орташа лауазымдық айлықақы

512372

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  8. ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  9. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Ветеринария
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Шығыстану
  • Шетел филиологиясы
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Биотехнология
  • Аграрлық техника және технология
  • Өсімдік қорғау және карантин
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Қаржы

Қосымша талаптар

 

1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі.

Мүмкіндігінше шет тілдерін білуі.

Функционалды міндеттер

Департамент директоры болмаған кезде Департамент қызметін үйлестіру. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастыру. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауға Департаменттің қатысуын қамтамасыз ету. Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу. Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша экспорттық саясатты дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді және келісуді жүзеге асыру. Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша Мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясатты әзірлеу және іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындау және Министрлік жауапты орган болып айқындалған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың отырыстарын өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. Департамент қызметінің бағыттарына қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және Министр бұйрықтарының жобаларын әзірлеу. Қажет болған жағдайда сыртқы байланыстар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат дайындау. Департамент құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстары, Министрлік алқаларының отырыстары үшін материалдар дайындау. Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін имидждік іс-шараларды (инвестициялық форумдар, көрмелер, съездер, семинарлар және т.б.) өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Министрлік басшылығының шет елдерге шығуы бойынша жұмысты үйлестіреді (Министрлік басшылығын іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды дайындау, қызметтік, дипломаттық паспорттар мен шығу құжаттарын ресімдеу, қонақ үйде тұруға шетел валютасында қаражат алу, Министрлік басшылығы үшін іссапарға тәуліктік және көліктік шығыстар және оларды пайдалану туралы есепті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсыну). Инвестициялар мен инвестициялық жобаларды тарту бойынша ауыл шаруашылығы министрлігі басшылығының жұмыс сапарларына анықтамалық материалдар дайындайды. "Doing Business"рейтингісінің индикаторларын жақсарту бойынша жұмысты үйлестіреді. Салалық мәселелерді қоспағанда, Министрлік басшылығының шетелдік өкілдермен протоколдық іс-шаралар мен іскерлік кездесулерін ұйымдастырады. Өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішкі талаптарды сақтау және орындау. Департамент директорының ағымдағы тапсырмаларын орындау.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.09.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2022 – 12.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Нур-Султан, пр. Мангилик ел, 8 дом, 3 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

8 (71 72) 555-918