ҚР АШМ Халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаменті Халықаралық ынтымақтастық және хаттама басқармасының басшысы, санаты С-3, 1 бірлік
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Астана қаласы
362447
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Ветеринария
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Шығыстану
- Шетел филиологиясы
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Биотехнология
- Аграрлық техника және технология
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген тиісті құзыреттерінің болуы;
2) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Мүмкіндігінше шет тілдерін білуі.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттар мен материалдардың сапалы және уақтылы орындалуын ұйымдастырады. Құрылымдық бөлімшелердің Қазақстан Республикасының шет елдермен, ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және таза салалық мәселелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен, ұйымдарымен және шетелдік мекемелерімен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосымен және шетелдік мекемелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, іскерлік орталармен ынтымақтастық мәселелерін және таза салалық мәселелерді қоспағанда, екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін қоспағанда, Министрлік басшылығының (Министрдің, Аппарат басшының, вице-министрлердің) қатысуымен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларға анықтамалық-ақпараттық материалдар дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін қоспағанда, өз құзыреті шегінде екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін қажетті негіздемелік сипаттағы келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысады. Министрлік басшылығының дипломатиялық корпус өкілдерімен және ресми шетелдік делегациялармен протоколдық іс-шаралар мен іскерлік кездесулерін ұйымдастырады. Министрлік басшылығының шет елдерге шығуын ұйымдастырады (Министрлік басшылығын іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды дайындау, қызметтік, Дипломатиялық паспорттарды және шығу құжаттарын ресімдеу, қонақ үйде тұруға шетел валютасында қаражат алу, Министрлік басшылығы үшін іссапарға тәуліктік және көліктік шығыстар және оларды пайдалану туралы есепті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсыну). Жауапты органы басқа мемлекеттік органдар болып белгіленген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына қатысады. Халықаралық экономикалық форумдар мен имидждік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады. Халықаралық интеграция мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға мониторинг және талдау жүргізу бойынша үйлестіруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының шет елдермен және халықаралық ұйымдармен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Құрылымдық бөлімшелерге бекітілген салалық кіші комиссияларды (кіші комитеттерді, жұмыс топтарын) қоспағанда, Министрлікке бекітілген шет елдермен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс топтарының отырыстарын өткізеді. Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар отырыстары хаттамаларының орындалуын үйлестіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмаларын, шет елдермен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының хаттамалық шешімдерін орындау бойынша мүдделі құрылымдық бөлімшелердің жиынтық ақпаратты (материалдарды) дайындау бойынша үйлестіруді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық шарттарын, сондай-ақ Министрлік басшылығының шетелдік өкілдермен кездесулерінің хаттамаларын есепке алу және сақтау жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Жасалған халықаралық шарттар шеңберінде алынған міндеттемелерді іске асыру және орындау үшін Министрлікте үйлестіруді жүзеге асырады. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ішкі талаптарды сақтайды және орындайды. Департамент құзыретіне кіретін Департамент, Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел данғылы., 8 үй, 3 кіреберіс
-
8 (71 72) 555-918