ҚР АШМ ВБжҚК Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Шекара мен көліктегі ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

180 517

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария (білім беру саласы)
  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

 

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Функционалды міндеттер

  • Бөлім басшысының, Инспекция басшысының, орынбасарының, Комитет төрағасының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-Министрінің және жауапты хатшысының бұйрықтары мен хаттамалық тапсырмаларын және жұмыс бабындағы шешімдерін орындайды.
  • жануарларды аурулардан қорғау бойынша бақылауды атқарады;
  • халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау;
  • ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінген жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан қорғау.
  • Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін береді және олардың тізілімін жүргізеді;
  • Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;
  • Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық сертификат береді;

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.09.2022 – 14.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-555-945