Шекара маңы бекеттерін бақылау бөлімінің жетекші маманы - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы («С-О-6» санаты, 1 бірлік), индексі - 04-6-1

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ ВБҚК «Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-6 (Кеден бекетінің жетекші маманы)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

  

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін шақырылған байқаушылар қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуы мүмкін.

Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар ретінде  он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидатта техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

  

Функционалды міндеттер

Ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, ветеринария саласы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың заңнамаларын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылауды жүзеге асыру.  Басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы аурулар қоздырғышын енгізу және таралуынан облыс аумағын қорғауға бағытталған шараларды іске асырады. Уәкілетті орган бекіткен Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау.

Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, физикалық және зертханалық ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады. Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық  -санитариялық бақылау және қадағалау дүргізеді. Экспорттау, импорттау, транзиттеу және республиканың ішінде тасымалдау кезінде бақылауға жататын мемлекеттік жүктерге ветеринариялық бақылауды жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ветеринариялық бақылауды ұйымдастырады. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзеді. Ветеринариялық жете тексеруді, қарап-тексеруді, диагностиканы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізу кезеңінде, сондай-ақ олар ветеринариялық құжаттарсыз тасымалданған кезде немесе ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді кідіртуге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерін қарастыруды жүзеге асырады,  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, әкімшілік айыппұлдарды салады, ветеринариялық есепті дайындаайдап ұсынады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарын іске асырады. Толтырылға Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамаларын Әкімшілік іс жүргізулердің біріңғай тізіліміне еңгізу.  Ветеринария мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Ветеринариялық бақылау бекеттерінен орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объктілері туралы күнделікті ақпарат жинау. Ветеринариялық есепке алу, есептерді жинау, жүргізу және оларды  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыну. Қызмет барысында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Жоғары және басқа да мемлекеттік органдарымен хат алмасу. Семинар-кеңестерді өткізуге материалдар дайындау, азаматтардың арыздары мен өтініштерін қарау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.09.2022 – 14.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 28 МБ

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 555 945