Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы тамақ өнімдері қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)
Алматы қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Бөлiм жұмысына басшылық жасайды.
-Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруда дербес жауапкершілікті мойнына алады, қызметкерлердің міндеттерін бөледі және тапсырылған аумақ қызметінің жауапкершілік дәрежесін белгілейді,
-өз құзырында әдістемелік басшылықты үйлестiруді жүзеге асырады.
Уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1)жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
2) ішкі сауда объектілерінде;
3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
4)Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының және кеден одағының (Евразиялық экономикалық одақтың ) ветеринария саласындағы заңнамасы бойынша мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру:
5)орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерде жануарлардан алынатын өнімдерді сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
7) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау жөнiндегi қызметiн бақылауды және қадағалауды;
8) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзудi және оларды табыс етудi;
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды және қадағалауды;
10)тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындалуын бақылауды және қадағалауды;
11) Ішкі сауда объектілерінде жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды, сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күн сайын жүзеге асырылуды;
12) орны ауыстырылатын нысандарды өндіру, қайта өңдеу және сақтаумен айналысатын ұйымдар мен адамдардың құжаттарының рәсімделуін Кедендік Одақтағы бір мемлекет аумағынан баска мемлекеттің аумағына Кедендік Одақтың Реестр тізіміне кіргізуге бақылауды жүзеге асыру;
13) жоғарғы уәкілетті органдарға атқарылған жұмыстардың ақпараттарын уақытында берілуін бақылауды жүзеге асыру;
14) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын нысандарға рәсімделетін ветеринариялық құжаттарға бақылауды жүзеге асыру;
15)Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз, шағымдарын, ұсыныстарын объективті, жан-жақты, уақытында қаралуын қамтамасыз ету және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі»
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексіне сәйкес «Е-өтініш» жүйесінде толық және дәлелді жауап берілуіне жеке жауапкершілікте болу.
16) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жаза қолдануға немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға және бөлімнің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тарту туралы құжаттарына бақылауды жүзеге асырады және ветеринария саласында қолданылатын әкімшілік жаза айыппұлын ӘҚБР (Әкімшілік құқық бұзушылық біріңғай тізілімі) жүйесіне енгізілуін қамтамасыз ету;
17)бөлімнің ережесін және мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін дайындайды, оларды инспекция басшысына бекітуге ұсынады;
18) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларға сәйкес басқа да міндеттер мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.08.2022
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8 (7172) 555 945