Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы, C-O-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

ҚР АШМ ВБҚК «Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

    Функционалды міндеттер

    Бөлімнің жұмысын жалпы басқару;

    ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi iс-шараларды өткiзуіне бақылауды жүзеге асыру;

    жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргiзу, эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларда жүргізілетін сауықтыру іс-шараларына бақылауды жүзеге асыру;

    жануарлардың аса қауiптi аурулары пайда болған жағдайда аумақты аймақтарға бөлуді ұйымдастыру және үйлестіру;

    жануарлардың аса қауiптi ауруларынның профилактикасы, диагностикасы және жойылуы жөніндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастырылуына бақылауды жүзеге асыру.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 18.08.2022

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    19.08.2022 – 23.08.2022
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    26.08.2022

    Сұхбаттасу орны

    Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (7172) 555 945