Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Абай облысының аумақтық инспекциясының басшысы, C-O-1 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Абай облысы
611721
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Инспекция басшысы инспекцияның қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және жұмысын үйлестіреді, қызметкерлерге жүктелген лауазымдық міндеттерінің уақытылы және дұрыс орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;
- бағынысты қызметкерлердің, оның ішінде Инспекция басшысы орынбасарының және Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке жауаптылықта болады;».
3.2. Инспекция басшысы:
1) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2) заңнамаға сәйкес, Инспекция басшысының орынбасарынан және Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының басшыларынан басқа, Инспекцияның және Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін, жұмысшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
3) Инспекцияның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының, Инспекция мамандарының, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары басшылары және мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) заңнамамен анықталған тәртіпте, Инспекция басшысының орынбасарынан және Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының басшыларынан басқа, Инспекцияның және Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін, жұмысшыларын мадақтайды және тәртіптік жазаға тартады;»;
5) Бұйрықтарға, қазынашылық департаментіне қатысты барлық құжаттарға (келісім-шарттар, өтінімдер, төлем шоттар және т.б.) қол қояды;
6) Инспекцияның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, өзінің құзіреті шегінде аудандық, қалалық аумақтық инспекцияларының құрылтай құжаттарын бекітеді;
7) Инспекция басшысының орынбасарынан және Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының басшыларынан басқа, Инспекцияның және Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
8) заңнамада белгiленген тәртiпте инспекция басшысы орынбасарларынан және аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары басшыларына демалыстар беруден басқа, облыстық инспекция қызметкерлерін және аудандық (қалалық) инспекциялары басшыларын, мамандарын іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
9) өз құзыреті шегінде Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік артады;
10) Ақпараттық қауіпсіздікті және Инспекцияның мемлекеттік қызметшілерінің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
11) ішкі еңбек тәртібі ережесін сақтайды.
12) Абай облысы аумағында, оның ішінде шекарадағы және көліктегі, ветеринарлық бақылау бекеттерін қоса алғанда мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен берілген өкілеттіктер шегінде Абай облысы аумағында, ветеринариялық қадағалау бекеттерін қоса алғанда мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізу мақсатында орындауға міндетті актiлер шығарады;
14) ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заң талаптарының, Қазақстан Республикасы Президентіінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының заңды және жеке тұлғалардың орындалына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу:
15) Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды бақылау жасауды және қадағалауды ұйымдастыруды іске асырады.
16) Жануарлар ауруларын болдырмауға, таралмауына немесе жоюды, алдын алуды, емдеуді немесе диагностикалауды қоса алғанда бағытталған ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру, залалсыздандыру (зарарсыздандыру), адам мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті ауруларымен ауырған жануарларды тәркілеп алып жою; адамдарды жануарлардың жұқпалы ауруларынан, сонымен қатар жануарлар мен адамға ортақ ауруларынан қорғау мақсатында жануарлардың өнімдері мен шикізаттарының, азық және азық қоспаларының, бірдейлендіру рәсімдерін қоса алғанда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің орындалуын жүзеге асырады.
17) Ветеринарлық-санитарлық объектілердің қауіпсіздігіне қатысты мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды іске асырады,
18) Жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың азықтан улануының себептері мен шарттарын анықтайды және белгілейді;
19) Жануарларды бірдейлендіруді сонымен қатар дерекқордың жүргізілуін бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүргізуді жүзеге асырады;
20) Заңының 10 бабының 1-1 тармағында қарастырылған, ветеринария саласында қызмет көрсететін, бөліп айтқанда ішкі іс-шараларды орындайтын жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүргізуді жүзеге асырады.
21) Заңды және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамалардың, Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерін сақталуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды ұйымдастырады және іске асырады.
22) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінген жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан қорғауды ұйымдастырады.
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көз¬делген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады.
24) Тиісті аумақтағы жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды және бар қауіптерді талдау нәтижелері бойынша Абай облыстық жергілікті атқарушы органдар әзірлеген ветеринариялық профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жоспарларын келісуді жүзеге асырады;
25) Абай облысы аумағындағы, ветеринариялық қадағалау бекеттерін қоса алғанда ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланы¬латын жануарлар ауруларының қоздырғыштары штаммдары¬ның пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асырады.
26) Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісімдейді;
27) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат беру;
28) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингтің жоспарын әзірлейді;
29) жануарларды карантиндеу кезінде мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асырады;
30) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу;
31) ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға немесе тоқтатқанға дейін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізуді жүзеге асырады;
32) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
33) Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринарлық препарат¬тарды, азық және азық қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады.
34) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекітеді;
35) Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекітеді;
36) Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының стандарттары мен ережелерін сақтаңыз;
37) Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бақылауды және Инспекция мемлекеттік қызметшілерінің ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарын орындау бойынша міндеттемелерді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.09.2022
- Ішкі конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізіледі
-
8 (7172) 555 945